Cемей-31°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.75 591.96 6.52

Қазақстан ғылымды жасанды интеллект арқылы нығайтуда: AI SilkNet орталығы ашылды

Кеше, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясында Қазақстан ғылыми инфрақұрылымға ЖИ-ды интеграциялау бойынша стратегиялық қадам жасады. Алматыда өткен «Қазақстанның ғылым және технология форсайты: деректерден шешімдерге» атты стратегиялық сессияда цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун Министрліктің ұлттық ғылымды дамытудағы және предиктивтік аналитиканы енгізудегі рөлі туралы айтып берді.

Бүгінгі күні 400-ден астам қатысушы - ғалымдар, министрліктер, индустрия, жоғары оқу орындары және ғылыми институттар өкілдері - ұлттық форсайт-зерттеулер және предиктивтік аналитика жүйесін дамыту, ел мен аймақтар үшін бірыңғай болжау жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады. Академияның өңірлермен жұмыс істеуіне, нақтырақ айтқанда форсайт желісін қалыптастыру, әкімдіктер мен индустрияны ғылыми және технологиялық дамудың басым бағыттарын анықтауға тарту сияқты мәселерге, баса назар аударылды.

Басты оқиға - Қазақстан мен Кореяның бірлескен бастамасы болып табылатын AI SilkNet орталығының ашылуы болды. Оны Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы мен Корея ғылыми-техникалық ақпарат институты (KISTI) бірлесе іске қосты. KISTI президенті доктор Сик Ли салтанатты рәсімге қатысты. AI SilkNet елдегі алғашқы ұлттық предиктивтік аналитика және ғылыми-технологиялық форсайт платформасы болады, бұл ғаламдық және ұлттық трендтерді талдауға және технологиялық тәуекелдерді бағалауға арналған құралдарды ұсынады.

Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мунның сөзінше, платформа ұлттық ғылым үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ: «Ғылым мен технология форсайты - стратегиялық басқару құралы. Ұлттық ЖИ платформасы ғылыми ақпарат көлемін талдауға, ғаламдық технологиялық трендтерді анықтауға, патенттік және жарияланымдық аналитиканы жүргізуге, салалардың дамуына предиктивтік сценарийлер жасауға және ғылыми әрі эксперттік тапсырмаларға арналған арнайы AI-агенттерді құруға мүмкіндік береді».

AI SilkNet Академияға өз AI-агенттерін құруға, стратегиялық баяндамаларды жылдам дайындауға және ғаламдық технологиялық өзгерістерді бақылау жүйесін ұйымдастыруға көмектеседі.

 «Тарихи тұрғыдан ғылым мемлекеттердің даму траекториясын анықтаған. Бүгін ұлттық ғылым жасанды интеллект инфрақұрылымы арқасында өз әлеуетін күшейте алады. Бұл - елдің интеллектуалды суверенитетін қалыптастыруға және Қазақстан ғылымының тарихында жаңа бет ашуға жасалған қадам», - деді Мун.

KISTI - Оңтүстік Кореядағы ғылыми-техникалық ақпарат және болжам жасау саласындағы жетекші институт, R&D саласында ЖИ мен жоғары өнімді есептеулерді енгізуге, ұлттық ғылыми-техникалық инфрақұрылымды дамытуға және болашақты болжауға маманданған. AI SilkNet орталығының ашылуы Қазақстан ғылымына халықаралық озық тәжірибені жеткізуге және Кореямен ЖИ және инновациялар саласында стратегиялық серіктестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив