Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Семейде курсанттар оқушылармен кездесті

27-02-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында Әскери институт курсанттары №1 мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. 

Іс-шара барысында болашақ офицерлер оқушыларға Құрлық әскерлерінің Әскери институтына түсу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, Оқу шарттары мен әскери қызметтің артықшылықтары туралы айтып берді. Офицер мамандығын таңдау үшін қажетті тәртіп, дене шынықтыру және моральдық-психологиялық қасиеттерге ерекше назар аударылды. 

Курсанттар жеке оқу тәжірибесімен бөлісті, презентация материалдарын көрсетті және жоғары сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді. Ашық диалог форматында оқушылар мансаптық өсу перспективалары, әлеуметтік кепілдіктер және әскери кәсіптің маңыздылығы туралы ақпараттар алды. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив