Cемей-26°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
501.75 591.96 6.52

Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында гимназия ұжымына конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндіріліп, ашық диалог форматында пікір алмасу өтті.

Коалиция мүшесі Асемхан Досқожанов Конституцияның 20-бабына ерекше тоқталып, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуы – әділетті мемлекеттің басты қағидаты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Конституция ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол бермейді. «Адамға құрмет – өркениетті қоғамның негізі», – деді спикер.

Ал Айрат Базенов Конституцияның 33-бабына назар аударып, білім беру саласындағы негізгі кепілдіктерді түсіндірді. Ол әрбір азаматтың заңға сәйкес жоғары білім алуға құқығы бар екенін, ал бастауыш және негізгі орта білімнің міндетті екенін атап өтті. Бұл нормалар білім сапасын арттыруға және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді.

Абай облыстық мәслихаты депутаты және коалицияның өңірлік филиалының мүшесі Қуаныш Қасенов референдумның маңыздылығына тоқталып, оны халық еркін білдірудің тиімді конституциялық тетігі ретінде бағалады. «Референдум – әр азаматқа ел тағдырына тікелей ықпал етуге мүмкіндік беретін құрал. Белсенділік – жауапкершіліктің көрінісі», – деді ол.

Кездесу соңында спикерлер Конституциядағы өзгерістердің практикалық маңызына тоқталып, олардың қоғам өміріне тигізетін ықпалын түсіндірді және гимназия ұжымын 15 наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив