Cемей-30°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.56 586.92 6.44

Қазақстанның ауылдық елді мекендеріндегі 600-ден астам нысан жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Кеше, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасындағы инвестициялық келісім «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда.

Қазіргі таңда жоба шеңберінде ауылдық елді мекендердегі 600-ден астам нысан интернет желісіне қосылды. Оның ішінде 330 ауылдағы 584 нысан спутниктік байланыс арналары арқылы интернетке қол жеткізді. Сонымен қатар, 14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) арқылы қосылды.

Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп, цифрлық теңсіздікті азайтуға бағытталған. Жоғары жылдамдықты интернетке қосылу цифрлық мемлекеттік қызметтерге, қашықтан білім алуға, телемедицинаға және заманауи онлайн-сервистерге қолжетімділікті арттырып, қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық келісім телекоммуникациялық инфрақұрылымды кең көлемде дамытуды көздейді. Жалпы алғанда, жоғары жылдамдықты интернет 3 000-нан астам ауылдық елді мекенге жеткізіледі. 2027 жылдың соңына дейін тағы 3 000-нан астам ауылды магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу жоспарланған. Нәтижесінде, үй шаруашылықтарын қосу мүмкіндігі бар ТОБЖ желісі еліміздің 4 786 ауылдық елді мекенінде қолжетімді болады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан ауылдарының 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, 2027 жылдың соңына қарай елдегі жоғары жылдамдықты интернеттің жалпы қолжетімділігі 99%-ға жетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив