Энергетика министрлігінде Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті
Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химиясы салаларындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын жақсарту жөніндегі күш-жігер шеңберінде Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың қатысуымен Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті. Кездесу барысында осы салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
«Тиімді әлеуметтік әріптестік біздің саладағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін негіз болып табылады», - деп атап өтті Ерлан Акбаров салалық комиссия отырысында.ҚР Энергетика министрлігі дайындаған «Мұнай-газ саласының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік
еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі 2026 жылға арналған салалық комиссия жұмысының негізгі бағыттарын» бекіту туралы шешім қабылданды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі жұмыстар тыңдалды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек қауіпсіздігін арттыру мақсатында қабылдайтын шараларға ерекше назар аударылды.