Cемей-24°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.56 586.92 6.44

Жаңа конституциялық реформа Ақсақалдар алқасының отырысында жан-жақты талқыланды

Бүгін, 12:00 018.kz

Аягөз ауданында Жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған Ақсақалдар алқасының отырысы өтті.

Іс-шара барысында Ақсақалдар алқасының мүшелері Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша жан-жақты пікір алмасып, алдағы жалпыұлттық референдумның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Талқылау кезінде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мемлекет болашағына ықпалы, әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған тетіктерге ерекше назар аударылды.

Отырыс барысында сөз сөйлеген ақсақалдар конституциялық реформалардың тарихи мәнін атап өтіп, мемлекет тұрақтылығын нығайту, ұлттық бірлікті сақтау және жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мәселелері жөнінде өз ой-пікірлерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ақсақалдар алқасы Жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив