Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Астанада Алғыс айту күніне орай республикалық форум өтті

2-03-2026, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Алғыс айту күніне орай республикалық форум ұйымдастырылды. Іс-шараға этномәдени бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдары, жастар және волонтерлік ұйымдар, қайырымдылық орталықтары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Биыл – Алғыс айту күні жарияланғанына 10 жыл. Қатысушылар бұл мерекенің қоғамдық бірлікті нығайтуда және тарихи сабақтастықты сақтаудағы маңызына тоқталды.

Форум барысында елде жүзеге асып жатқан ауқымды өзгерістер де талқыланып, іс-шараға қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдады. Жаңартылған Ата заң қоғамдағы бірлік пен әділеттілікті күшейтуге бағытталғанын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ қайырымдылық жасаудың маңызы сөз етілді. Этномәдени бірлестіктер өкілдері ұлтаралық келісімді нығайту мен құқықтық сананы арттыру мәселелеріне тоқталды. Жастар арасында жасампаз құндылықтарды дәріптеу қажеттігі де ерекше айтылды.

Форум аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі этномәдени бірлестіктердің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. Жиын соңында қазақстандықтар Отанға адал қызмет етіп, қоғам игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив