Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.56 586.92 6.44

Мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы талқыланды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Депутат, жұмыс тобының жетекшісі Айна Мысырәлімованың төрағалығымен өткен отырысқа Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Оқу-ағарту министрліктерінің өкілдері қатысты.  

Отырыста Айна Мысырәлімова депутаттардың бастамасымен әзірленген заң жобасының маңыздылығына тоқталып, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысында және «AMANAT» партиясының форумдарында халық денсаулығы мәселесіне, әсіресе психологиялық қызметті дамыту, коучтар мен жалған психологтардың жұмысын реттеу, алаяқтықтың алдын алу және адамдарды қорғауға айрықша көңіл бөлінгеніне назар аударды.

- Мәжіліс депутаттары бастамашы болған заң жобасы бұл екі жыл бойы жүргізілген жүйелі әрі жан-жақты еңбектің нәтижесі. Бұл құжат психологиялық қызметті жүзеге асырудың бірыңғай құқықтық негізін қалайды. Онда осы саладағы қызметтің принциптері мен түрлері айқындалып, психологиялық көмектің шеңбері белгіленге, –  деді депутат.

Отырыста жұмыс тобының мүшесі, «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының төрағасы Шолпан Каринова баяндама жасап,  заң жобасына қатысты ұсыныстарын айтты.

– Психологиялық қызмет ұғымы – құқықтық тұрғыдан да кең әрі кешенді категория. Ол психологтардың кәсіби іс-әрекетінің барлық саласын қамтиды. Диагностика жүргізуден бастап, психологиялық оңалту, консультация беру, психологиялық профилактика және қолдау, оқу-тәрбие жұмыстары мен ғылыми зерттеулер және тағы басқаларын қамтиды. Ал психологиялық көмек – жұмыстың бір ғана бағыты. Яғни, нақты қолдау көрсетумен және кеңес беруді ғана қамтитын бөлім. Сондықтан заң жобасының атауы «Психологиялық қызмет» деп белгіленуі дұрыс және заңнамалық тәжірибеге сәйкес келеді, – деді ол.

Бұдан бөлек, депутаттар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Әлия Мәмбеталинаның, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология кафедрасының меңгерушісі Арман Нұрмаханбетовтің, «Қазақ психологиялық қоғамы» РҚБ президенті Мұқан Перленбетов, Әлеуметтану институтының директоры Зарема Шәукенова және басқалары заң жобасы туралы баяндама жасады.

Отырыста депутаттар мемлекеттік органдардың өкілдеріне бірқатар сауал қойды. Атап айтқанда, мектеп психологтарының біліктілік деңгейін арттыру үшін қандай нақты шаралар қарастырылғаны, психологиялық анкеталар мен тестілерді кім әзірлейтіні және оларды дайындауға кімнің жеке жауапты екені, сондай-ақ республика бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жыл сайын психология мамандығы бойынша қанша маман даярлап шығаратыны туралы мәселелер көтерілді.

Отырыс барысында айтылған мәселелер жұмыс тобының шеңберінде талқыланатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив