Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
502.6 589.95 6.5

Аида Балаева ШҚО жұртшылығымен кездесу барысында жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы баяндады

Кеше, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы төрағасының орынбасары Аида Балаева республикалық ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті. Жұртшылық алдында сөз сөйлеген ол жаңа Конституция ел дамуының ұзақмерзімді бағытын айқындайтынын және қоғамның әділеттілікке, заң үстемдігіне және тең мүмкіндіктерге деген сұранысын айқындайтынын атап өтті.

Кездесуде Аида Балаева, «Бүгін жаңа Конституция жобасы туралы айтқан кезде, біз ауқымды немесе шағын түзетулерді талқылап отырған жоқпыз. Кейбір сын айтушылар болжағандай, біз жай ғана ескіні жаңамен алмастырып жатқанымыз жоқ. Сондай-ақ қандай да бір құқықтық не моральдық категориялардың қажеттілігі жөнінде пікір таластырып отырмағанымыз тағы бар. Әңгіме ел дамуының траекториясын түбегейлі өзгерту және сол дамудың сапасы туралы болып отыр. Әңгіме ұлттық құндылықтарымыздың мәңгі сақтау жайында, оның ең биігінде біз сақтап қана қоймай, нық әрі сенімді қорғайтын Тәуелсіздік тұр. Әңгіме – ойы таза, білімді, жаһандық бәсекеге қабілетті, цифрлық дәуірде құқықтары мен бостандықтары ғылым, мәдениет және инновацияның дамуымен нығайтылған қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру туралы. Сонымен қатар, халқымыздың тарихи сабақтастығы негізінде Ұлттың қазіргі әлемдік жағдайда орны мен рөлін қайта пайымдау жайында болып отыр», – деді. 

Ол сондай-ақ жаңа Ата Заң тұжырымдамасын қалыптастырудағы Мемлекет басшысының ерекше рөлін атап өтті:

«Жаңа Конституцияның концептуалдық негізін Президенттің «Адал азамат», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамалары құрайды. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлын елдің Ата заңының басты авторы деуге негіз болады. Мемлекет басшысы қоғамнан түскен әрбір ұсынысты жеке қарап, сын-пікірлерге мұқият мән беріп, конструктивті қорытынды жасады. Сондықтан көптеген принципті өзгерістер оның тікелей қатысуымен тұжырымдалып, Конституциялық комиссияның қарауына енгізілді».

Кездесу соңында Коалиция өкілдері азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысып, елдің Негізгі заңының болашағына қатысты өз ұстанымдарын білдіруге шақырды.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясына еліміздің жетекші саяси партиялары, қоғамдық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және азаматтық белсенділер бірікті. Бүгінде оның жұмысы Қазақстанның барлық өңірінде жүргізілуде. Кездесулер, қоғамдық талқылаулар мен түсіндіру іс-шаралары арқылы азаматтармен ашық диалог орнатып, жаңа Конституция жобасының мазмұны мен алдағы референдумның маңызын кеңінен түсіндіру көзделген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив