Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
497.56 586.92 6.44

Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәлімдемесі

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Құрметті референдумға қатысушы!

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні тіркелген жеріңізден тыс жерде болсаңыз, есептен шығару куәлігін рәсімдеу арқылы дауыс бере аласыз.

Ол үшін 2026 жылғы 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтініш беріп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыстайды.

Куәлікті сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді.

Назар аударыңыз:

  • Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және телнұсқасы берілмейді.

  • Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беру үшін есептен шығару куәлігі берілмейді.

Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс берушілер тізіміне енгізеді.

Қосымша ақпарат алу үшін өз елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарласа аласыз.

Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив