Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Мемлекеттік медиадағы қазақ тілінің үлесі 83 пайызға жетті – Дархан Қыдырәлі

28-04-2023, 14:39 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада өтіп жатқан «Qazaq Forum» интернет форумында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйледі.

Министр: «Мемлекеттік тілдің БАҚ-тағы үлесі арта түсті. Мысалы, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі 83 пайызды құрады. Атап айтқанда, телеарналардағы қазақ тілінің үлесі 77 пайызға жетсе, баспа БАҚ-тағы - 85 пайыз, интернет-ресурстарда - 87 пайызға жетті», - деді.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медиа нарықта қазақ тілді БАҚ-қа жарнама берушілер қатары да артып келеді. Қазақстандық ресурстарда PR мақалалардың орналастырудың өсімі байқалады. Осы ретте, интернет-жарнаманы реттеу, әлеуметтік желілердегі интерфейс пен жарнамалық алгоритмдерді, монетизациялау жүйесін қазақ тілінде жасау өте маңызды.

«Аталған мәселе министрлік әзірлеп жатқан «Интернет-жарнама және онлайн-платформалар туралы» Заң жобасында қарастырылуда. Жалпы, бұл заң жобасы бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, онлайн-ортаны қауіпсіз және ашық түрде дамытуға бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бүгінде БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді министр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив