Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
473.4 539.39 6.07

Абай облысында өңірлік коалиция «Силикат» кәсіпорны ұжымымен кездесті

5-03-2026, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы «Силикат» ЖШС өндірістік алаңында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шара «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы аясында ұйымдастырылды.

Жиынға Абай облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісі Шалқар Байбеков және коалиция мүшелері қатысты. Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумның маңызы түсіндірілді.

Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау, коалиция мүшелері Қуаныш Сүлейменов, Қуаныш Қасенов және Ұлан Сағадиев сөз сөйлеп, ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнына тоқталды.

Кәсіпорында 400-ден астам адам еңбек етеді. ПС цехінің басшысы Темірхан Хисамитов ұжым атынан пікір білдіріп, жаңа Конституция жобасының мазмұны түсінікті әрі маңызды болғанын атап өтті. Оның айтуынша, еңбек ұжымы елдегі өзгерістерге бейжай қарамайды және ұсынылған бастамаларды қолдайды.

Кездесу ашық әрі мазмұнды диалог форматында өтті. Ұжым өкілдері жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын қолдайтындарын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив