Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Астанада Құрылыс кодексінің алғашқы жобасы таныстырылды

28-04-2023, 18:05 Думан Кенжеғазыұлы

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ құрылыс компаниялары мен сарапшылардың қатысуымен жаңа Құрылыс кодексінің алғашқы жобасы ұсынылды.

Аталған заң жобасының таныстырылымында сарапшылардың айтқан ұсыныс, ескертулері осы құжатты әзірлеумен айналысатын кіші жұмыс топтарының нақты тараулар мен бөлімдердің мазмұнына байланысты жиындарында талқыланып, ескерілетін болады.

Бұл реформа Қазақстандағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып, оның қызметін қадағалайтын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қатынастарды реттеуді көзейді. Сондай-ақ халықтың толыққанды қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды орнықты дамытуға бағытталған.

Осы ретте Құрылыс кодексінің жобасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында көпшілікке қолжетімді екенін айта кету керек (https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/463479?lang=kk).

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив