Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.23 535.99 5.46

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері референдумға қатысты

15-03-2026, 12:46 018.kz

Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері ғылым мен технологияны дамыту ел болашағының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, ғылыми зерттеулерді, инновациялар мен жоғары технологияларды қолдау мемлекеттің зияткерлік әлеуетін арттырып, халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етеді.

РМК «ҰЯО РК» Бас директорының орынбасары Ерболат Қоянбаев:

Бүгін біз қызметкерлеріміздің жоғары деңгейдегі азаматтық жауапкершілігін көріп отырмыз. Дауыс беруге белсенді қатысу – ел болашағына бейжай қарамайтындықтың айқын көрінісі. Әрбір азаматтың өз таңдауын жасауы қоғамның дамуына қосқан үлесі деп білемін. Ғылым мен технологиялар қазіргі қоғамда шешуші рөл атқарады. Осы бағыттарды қолдау – мықты әрі бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастырудың маңызды бөлігі, – деді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив