Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Юрий Ильин су тасқыны кезеңінде үш облыста орын алған су басу себептерін атады

29-04-2023, 17:02 Думан Кенжеғазыұлы

Биылғы жылы республика бойынша температураның күрт көтерілуіне және қардың белсенді еруіне байланысты 350 тұрғын үй су астында қалды, негізінен Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары зардап шекті.

«Тұрғын үйлерді су басуға әсер ететін негізгі факторлар-арық-нөсер жүйесінің болмауы, объектілерді салу немесе су қорғау аймағында үйлер салу кезінде нормалардың сақталмауы, гидротехникалық құрылыстардың дайындығы, сондай-ақ қарды уақтылы шығармау.

Осыған қарамастан, жедел және алдын алу шараларын уақтылы ұйымдастырудың арқасында еліміздің 7 өңірінде, оның ішінде елордада 155 елді мекенді су басуға жол берілмеді», - деп Юрий Ильин бүгінгі халықпен кездесуде айтты.

Мысалы, Астана қаласында коммуналдық қызметтер арық жүйесін уақтылы тазартуды жүргізді, 4 миллион текше метр қар шығарылды, Есіл өзенінің бассейнін зерттеу ұйымдастырылды, Ақбұлақ және Сарыбұлақ шағын өзендерін кезең-кезеңімен қайта жаңарту жүргізілуде.

Халықты су тасқыны қаупінен қорғау үшін биыл Жол картасын іске асыру аяқталуда, министр жергілікті атқарушы органдардың назарын іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив