Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
486.2 557.82 6

Adilet gov мобильдік қосымшасы іске қосылды

Бүгін, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

ЖСО Республикалық палатасы Әділет министрлігімен бірлесіп жаңа Adilet gov мобильдік қосымшасын іске қосты. Қосымшаның басты ерекшелігі – оның функционалдығында. Бір ғана мобильдік қосымша арқылы бірнеше мәселені шешуге болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Мағжан Есенбаев мәлімдеді.

Қосымшаны пайдалану арқылы азаматтар уақытын үнемдей алады. Мысалы, сот орындаушысының кеңсесіне бармай-ақ оның қаулыларын жүктеп алуға мүмкіндік бар. Ол үшін QR-кодты сканерлеу жеткілікті. Сонымен қатар, жеке сот орындаушысымен тікелей байланыс орнатуға болады. Ол үшін Тараптар кабинетіне кіріп, өтініш жазсаңыз, 5 күн ішінде сот орындаушысынан жауап аласыз.

– Егер сот орындаушысы жауап бермесе, шағым әрі қарай өңірлік палатаға жіберіледі. Ал палата жауап бермеген жағдайда өтініш автоматты түрде әділет департаментіне түседі. Яғни, өндіріп алушыға Е-өтініш арқылы шағымды палатаға немесе прокуратураға жазып, бірнеше апта бойы жауап күтудің қажеті жоқ. Тараптар кабинетінде өндіріп алушы ЖСО қандай шаралар қабылдағанын және қандай шаралар қабылданбағанын көре алады, – деді спикер.

Қосымшаның тағы бір артықшылығы – Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді іздеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ пайдаланушы өзіне қандай шектеу қойылғаны туралы ақпарат ала алады. Бұдан бөлек, қолданба атқарушы құжатты іздеуге және оның қай жерде екенін бақылауға мүмкіндік береді.

– «Adilet» қосымшасы – атқарушы өндіріске жылдам қол жеткізу жолы. Ол атқарушылық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етіп, мәжбүрлеп орындау шараларының уақытылы жүргізілуіне ықпал етеді.Қосымшаны Google Play мен App Store платформаларынан жүктеп алуға болады, – деді Мағжан Есенбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив