Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Антикор және Documentolog мемлекеттік қызметшілерді жұмыс кеңістігі арқылы оқытатын болады

29-04-2023, 17:34 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Documentolog» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық саясатты іске асыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың мақсаты «Documentolog» электрондық құжат айналымының цифрлық платформасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту (сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары мен шектеулері, жемқорлықтың алдын алу әдістері мен құралдары) арқылы мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің құзыретін арттыру болып табылады.

«Documentolog» ЖШС еліміздің мемлекеттік қызметшілерінің көпшілігі пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесінің қазақстандық әзірлеушісі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті/сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі ауқымды жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Цифрлық шешімдерді қолдану коррупцияның алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелерінде шешуші рөл атқарады.

Антикоррупциялық саясат қоғамның талаптары мен үздік халықаралық стандарттарды ескере отырып жетілдіріледі.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жетістік бүкіл қоғамның кеңінен тартылуына байланысты. Оның қолдауынсыз бұл жұмыстың нәтижелері жеткіліксіз болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив