Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.32 553.37 5.63

Абылай ханға «Ұлы» мәртебесін беру – тарихи әділеттің көрінісі

Кеше, 13:10 018.kz

Азаматтық қоғам өкілдері мен «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі Наурыз мейрамы қарсаңында маңызды қоғамдық бастама көтерді. Олар өткен тарихи тәжірибеге сүйене отырып және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, Ұлы Дала тарихындағы Абылай ханның айрықша рөлін ресми түрде мойындау қажеттігін атап өтті.

Бастама авторларының пікірінше, Абылай хан – қазақ мемлекеттілігінің сақталуы мен нығаюына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Оның даналығы, көреген саясаты және ел бірлігін сақтаудағы табандылығы қазақ халқының тағдырлы кезеңдерінде шешуші маңызға ие болды. Абылай хан жоңғар шапқыншылығы кезінде елді біріктіріп, сыртқы және ішкі саясатта теңгерімді ұстаным жүргізе отырып, мемлекеттілікті сақтап қалуға қол жеткізді.

Осыған байланысты бастама көтерушілер Абылай хан есіміне мәңгілік «Ұлы» эпитетін бекітуді ұсынады. Бұл қадам тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп қана қоймай, ұлттық сананы жаңғыртуға, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Сонымен қатар, бұл ұсыныс Наурыз мейрамының мән-мағынасымен де үндеседі. Жаңару мен жаңғырудың символы саналатын бұл мереке қарсаңында тарихи тұлғаларды лайықты бағалау – ұлттық рухты көтерудің маңызды тетігі ретінде қарастырылады.

Қоғам белсенділері бұл бастаманың кеңінен қолдау табатынына сенім білдіріп, оны ғылыми қауымдастық, зиялы қауым және жалпы жұртшылық арасында талқылауға шақырады.

Қоғамдық бастаманың мәлімдемесімен осы сілтеме арқылы таныса аласыздар:

https://senimenbolashaq.kz/news/abylaj-han-esimine-ly-epitetin-bekitu-turaly-kogamdyk-bastama

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив