Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Қазақстанға әкелінген ағаш материалдарынан қарағайдың қара мұртты қоңызының дернәсілдері анықталды

7-04-2026, 10:27 018.kz

Ақмола облысында өсімдіктерді карантиндік тексеру барысында қарағайдың қара мұртты қоңызының құрттары анықталды.

Көлемі 40 текше метр болатын қарағайдан дайындалған ағаш материалдары Ресейдің Қорған облысынан әкелінген.

Тексеру кезінде ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көкшетау қалалық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өнімнің залалдану белгілерін анықтады.

Зертханалық сараптама қорытындысында аталған зиянкестің дернәсілдері бар екені расталды.

Белгіленген талаптарға сай келмейтін карантиндік өнімді әкелгені үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Карантиндік нысандардың елге әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ өсімдік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив