Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

2025 жылдың басынан бері өсімдіктер карантині бойынша 150-ден астам заң бұзушылық анықталды

19-02-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Жыл басынан бері Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қазақстанға карантиндік өнімдерді әкелу кезінде 150-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ, карантиндік объектілермен залалданған карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің 20 фактісі, оның ішінде Ресей Федерациясынан 17, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинадан бір-бірден карантиндік өнімдерді әкелу фактілерінің алдын алды. Барлық жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Еске салайық, өсімдіктер карантинінің негізгі міндеттерінің бірі Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе тәуелсіз енуінен қорғау болып табылады. Импортталатын карантиндік өнімге қатысты Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сынамалар зертханалық зерттеуге «Өсімдіктер карантині жөніндегі республикалық орталық» мемлекеттік мекемесінің өңірлік карантиндік зертханаларына жіберіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив