Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

АШМ мамандары залалданған өнімдерді жою жұмысын жүргізді

1-02-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР АШМ АӨК МИК Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы сертификатсыз әкелінген және залалданған карантинге жатқызылған өнімді өртеу әдісімен жоюды ұйымдастырды. Жою жұмыстары Kazecotech ҒТП аумағында жүргізілді.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Ресейден екі жағдайда 8 және 86 орын болатын тиісті сертификатсыз әкелінген таңқурай мен магнолия – сәндік өсімдіктердің көшеттерін анықтады.

Мамандар сертификатталмаған өнімді елордаға әкелуге тыйым салды. Сондай-ақ аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, өсімдік иесіне жалпы сомасы 40 АЕК-тен 285 680 теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлар батыс гүл трипсімен залалданған карантинге жатқызылған 660 дана қалампырды (шыққан жері Нидерланд елі) анықтады. ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 72 450 теңге айыппұл салынды.

Гүлді трипс өсімдіктердің 250-ден астам, яғни түрлі жемістерге, көкөністер мен гүлдерге зиян келтіретінін атап өту маңызды. Зиянкестер өсімдік жасушасының шырынымен қоректенеді. Жаппай таралған жағдайда өсімдіктің солуына және өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, зиянкес қызанақтың қауіпті вирусын тасымалдаушысы болып табылады, бірақ адам денсаулығына қауіп төндірмейді.
Айта кетейік, Қазақстанға әкелінетін импорттық өнімдер жіберуші елдің фитосанитарлық сертификатымен тасымалдануы тиіс. Бұл құжат карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік фитосанитариялық жай-күйін куәландырады, сондай-ақ өнімнің карантиндік объектілерден бос аймақтар мен аумақтардан өндірілгенін растайды.

2023 жылы елордалық мемлекеттік инспекторлар фитосанитариялық талаптарды бұзудың 282 фактісін анықтады. Оның ішінде карантиндік объектілермен залалданған өнімдердің 16 жағдайы бар. Барлық анықталған фактілер бойынша өнімдер өртеу әдісімен жойылып, жалпы сомасы 23,9 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар салынған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив