Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.28 501.45 5.59

Қазақстан Сыртқы істер министрінің ИЫҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесуі

Бүгін, 15:50 018.kz

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшысының орынбасары Бағдат Әміреевті қабылдады. Сұхбат басында Министр оны жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Министр Қазақстанның ИЫҰ-мен өзара іс-қимылға ерекше мән беретінін атап өтіп, Ұйыммен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындады. Сонымен қатар, ИЫҰ негізгі қағидаттары мен Жарғысын қатаң сақтау және Саммиттер мен Министрлік кездесулердің шешімдерін дәйекті түрде орындау қажеттілігіне назар аударды.

Келіссөздер барысында тараптар Ұйымның алдағы іс-шаралар кестесін талқылап, СІМ мен ИЫҰ Хатшылығы арасындағы тиімді ықпалдастықты жалғастыруға бейімділігін қуаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив