Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
458.28 501.45 5.59

Қазақстан Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтардың популяциясына қатысты халықаралық шараға қатысуда

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Осы күндері Баку қаласында өтіп жатқан өңірлік семинарда бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау, оларды жасанды жолмен көбейту жұмыстарын дамыту және аквашаруашылық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселелері талқылануда. Іс-шараға Қазақстан атынан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері қатысуда.

Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) және Орталық Азия мен Кавказдағы балық шаруашылығы және аквашаруашылық жөніндегі өңірлік комиссияның (CACFish) қолдауымен ұйымдастырылды.

Басты мақсат халықаралық тәжірибе мен өңірлік ынтымақтастық негізінде су биоресурстарын сақтау, бекіре тұқымдас балықтардың табиғи популяцияларын қалпына келтіру және саланы тұрақты дамыту бағытында тиімді тәсілдер әзірлеу.

Қазақстан үшін бұл стратегиялық маңызға ие. Каспий теңізі – бірегей экожүйе. Оны сақтау кешенді табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды және Каспий маңы мемлекеттерінің үйлесімді іс-қимылын талап етеді. Бұл ретте Каспийдің табиғи мұрасының маңызды бөлігі саналатын бекіре тұқымдас балықтарды қорғауға айрықша мән беріледі.

Семинар барысында бекіре тұқымдас балықтарды жасанды көбейту технологияларын жетілдіру, балық өсіру шаруашылықтарының тиімділігін арттыру, генетикалық алуантүрлілікті сақтау және табиғи популяцияларды қалпына келтіру мәселелері қарастырылуда.

Сондай-ақ қатысушылар балық өсірудің заманауи әдістерін қолдану және аквашаруашылықтың өндірістік инфрақұрылымын дамыту тәжірибесімен алмасады.

Сондай-ақ, аталған саланың экономикалық әлеуетіне де баса көңіл бөлінду. Бұл отандық балық өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, өңдеу өндірісін кеңейтуге, жаңа кәсіпорындар ашуға және саланың табиғи су биоресурстары қорына тәуелділігін төмендетеді.

Қазақстан тарапының семинарға қатысуы халықаралық ұйымдармен және басқа мемлекеттердің салалық ведомстволарымен кәсіби диалогты кеңейтуге, тиімді тәжірибе алмасуға және су экожүйелерін сақтау бағытындағы өңірлік ықпалдастықты нығайтуға ықпал етеді.

Каспий өңірі үшін ортақ шешім әзірлеудің маңызы зор. Өйткені оның бірегей биоалуантүрлілігін сақтау және бағалы балық түрлерінің популяциясын қалпына келтіру ұзақ мерзімді әрі үйлестірілген жұмысты талап етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив