Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Бибігүл Жексенбай ТүркПА-ның жалпы отырысына қатысты

2-05-2023, 15:28 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының отырысына қатысты. Сенатор әділетті әлем құрудағы парламенттік дипломатияның маңызы туралы тақырыпты Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжандағы әріптестерімен бірге талқылады. Қатысушылар энергетика, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бибігүл Жексенбай Түркі мемлекеттерінің парламентші әйелдер тобының ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардағы басшылық лауазымға орналасатын әйелдерге міндетті квота енгізу мәселесіне арналған жұмысына да қатысты. Сенатор өз сөзінде осы бағытта белсенді диалог пен нақты іс-қимылдың қажеттігін атап өтті.

«ТүркПА парламенттеріндегі әріптестерді біздің қоғамды толғандыратын мәселелерді шешу үшін кешенді бағдарлама мен нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шақырамын. Тәжірибе алмасуды қолдап, осы саладағы заңнаманы жақындастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет», - деді Бибігүл Жексенбай.

Депутат кездесуге қатысушыларды гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалармен де таныстырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив