Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Президент Таза Қазақстанның түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті

10-04-2026, 15:23 018.kz

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

— Қоғамда тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор. Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өткен жөн. Бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен шектелмейді. Оның түпкі мәні — қоғамдық сананы жаңғырту. Сол арқылы азаматтарымызды қастерлі Отанымыз — Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру, — деді Президент.

Мемлекет басшысы жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналғанымызды атап өтті.

— Жауапкершілік, әділдік, өзара құрмет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, дамуға жол ашылады. Бұл — өркениетті мемлекеттер мен халықтардың барлығына ортақ ұстаным. Осы құндылықтар жаңа Халық Конституциясына арқау болып отыр. Біз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналдық. Нақты жетістіктеріміз бар. Бұл — ең алдымен, сапалы адам капиталы, — деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив