Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
493.15 574.17 6.77

Абай облысының инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру мәселелері талқыланды

13-04-2026, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Алматы қаласында облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Ислам даму банкінің аймақтық басшысы Әли Мұхаммед Ханмен кездесті.

Облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес өткен кездесу барысында Абай облысының даму жоспары, сондай-ақ, жаңа әкімшілік орталықтың жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар, Семей қаласының инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Әли Мұхаммед Хан ұсынылған жобаларға оң баға беріп, олардың Ислам даму банкінің қаржыландыру саясатына сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша аталған бастамаларды іске асыру мақсатында екі жақты ынтымақтастықты күшейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив