Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
473.13 554.08 6.13

Облыс әкімі: Сауда нысандарындағы тазалық пен тәртіп мәселесі үнемі бақылауда болады

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында Семей қаласының кәсіпкерлік нысандарында тазалық пен санитарлық талаптардың сақталуы және 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру барысы талқыланды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбеков, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, қорғаныс істері департаментінің бастығы Руслан Омаров баяндады.

Өңірде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сауда нысандарын жаңғырту және оларды санитарлық әрі сәулеттік талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Семей қаласындағы «СМОКК» базары эскиздік жоба әзірледі, «Мереке» базарында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі құрылыс жұмыстарын бастау биылғы жылдың екінші-үшінші тоқсанына жоспарланған.

Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында сауда және қызмет көрсету саласындағы 900-ден астам нысанға санитарлық талаптарды сақтау және ғимараттардың сыртқы келбетін ретке келтіру бойынша ескерту жолданған. Қасбеттері талапқа сай келмейтін бірқатар нысандарға белгіленген мерзімде кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс берілді.

Аймақ басшысы жиында Семей қаласының әкіміне шаһардағы барлық сауда нысандарын заң аясында толық тексеруден өткізіп, санитарлық және абаттандыру талаптарын бұзған нысандар бойынша нақты шаралар қабылдап, жаңғыртуға жататын базарлар бойынша бекітілген Жол картасының орындалуын жеке бақылауына алу қажеттігін айтты. Тиісті басқармалар мен департаменттерге кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, санитарлық талаптардың өрескел бұзылуына жол берген нысандарға заң аясында қатаң шаралар қабылдауды, халық көп шоғырланатын сауда орындарын ерекше бақылауға алуды, қаладағы нысандардың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Бұл бағыттағы жұмыстар тек түсіндірумен шектелмеуі тиіс. Әрбір нысан бойынша нақты нәтиже болуы қажет. Тиісті мемлекеттік органдар тарапынан бақылау мен талап күшейтіліп, заңнамада көзделген шаралар толық көлемде қолданылуы керек. Біздің негізгі мақсатымыз – қаланың барлық кәсіпкерлік нысандарында тазалық, қауіпсіздік және бірыңғай сәулеттік келбет қалыптастыру. Біз кәсіпкерлік нысандарынан халыққа қызмет көрсететін орындардың заман талабына сай болуын талап етеміз. Аудандар да осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Бұл мәселе үнемі бақылауда болады», – деді Берік Уәли.

Кеңейтілген кеңесте облыс әкімі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының мемлекеттік маңызы бар шара екеніне айрықша назар аударып, жауапты органдарға түсіндіру, жастар арасында патриоттық бағыттағы ақпараттық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив