Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Ғылым күні қарсаңында елордада Ғылыми кеңес отырысы өтті

13-04-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде «Ғылыми кеңес және архив: құжаттық мұраны зерттеу мен жариялаудың ықпалы» тақырыбында Ғылыми кеңес отырысы ұйымдастырылды.

Отырыс барысында құжаттық мұраны зерделеу, архив материалдарын ғылыми айналымға енгізу және жарияланымдар әзірлеу мәселелері қаралды. Қатысушыларға архив қорларымен жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары, сондай-ақ салалық жобалардың жүзеге асу барысы мен дереккөздер базасын кеңейту бағытындағы жұмыстар таныстырылды.

Ұлттық архивтің 20 жылдығына орай «Ұлттық архивке – 20 жыл: ұлт жадының алтын қоры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу мәселесі де талқыланды.

Жиын қорытындысында архив ісіндегі ғылыми қызметті одан әрі дамыту, тарихи құжаттарға қолжетімділікті кеңейту және ұлттық құжаттық мұраны кеңінен насихаттау маңыздылығы атап өтілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив