Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Абай облысы ПД бастығының орынбасары тағайындалды

14-04-2026, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына полиция полковнигі Әбдіғалиев Қайрат Бақытұлы тағайындалды.

Ол 2006 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының №2 факультетін тәмамдаған.

Ішкі істер органдарында 2007 жылдан бастап қызмет етеді.

Қарағанды облысы ПД және ІІМ орталық аппаратында орта және аға басқарушы құрамның түрлі лауазымдарында қызмет атқарды.

2021 жылғы мамыр — 2022 жылғы қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

2022 жылғы қараша — 2026 жылғы сәуір аралығындаьАбай облысы Полиция департаменті Семей қаласы Полиция басқармасының бастығы.

2026 жылғы сәуірде Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив