Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.9 555.3 6.24

Мәжіліс рейтингтік қызмет туралы заң жобасын қарайды

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың қарауына бірінші оқылымда «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен ұсынылады. Құжат Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

Заң жобасы рейтингтік қызметтің құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға, рейтингтік қызметтердің жергілікті нарығын дамыту үшін жағдай жасауға, сондай-ақ кредиттік рейтингтік агенттіктер қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат арқылы рейтингтік қызметті реттеудің адалдық, жұмыстың сапасы мен ашықтығы қағидаттарын бекітетін кешенді нормаларды енгізу, агенттіктердің әдіснамасы мен капиталына қойылатын талаптарды бекіту, сондай-ақ халықаралық және шетелдік рейтингтік агенттіктерді тану, осы саладағы мүдделер қақтығысын басқару және мемлекеттік қадағалау мәселелерін реттеу көзделеді.

Екінші оқылымда депутаттарға ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді қарастыру ұсынылады. Заң жобасы ғылым мен инновацияның ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін тиімді құқықтық база құруға бағытталған. Атап айтқанда, ғылыми және технологиялық ресурстарды шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылым саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру, оның ішінде оның ішінде ғылымды қажет ететін аумақтарды құру мен дамыту арқылы инвестициялық тартымдылықты арттыру мәселелерін реттеу тетіктері көзделеді.

Күн тәртібіне Мәжіліс депутаттары бастамашы болған, ілеспе түзетулері бар селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заң жобалары да енгізілді, оны қорытынды дайындау үшін салалық комитет жұмысқа қабылдайтын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив