Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Семей әскери қызметшілері Құрлық әскерлері күніне 15 шақырымдық жүгіру өткізді

15-04-2026, 09:45 018.kz

Абай облысында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің құрылу күніне орай 15 шақырым қашықтыққа жүгіруді  өткізді.

Жарыс бағыты Қала жағалауынан «Бейбітшілік» аралына қарай өтті. Қашықтықтан жарысқа қатысушылардың қауіпсіздігін әскери автомобиль полициясының арнайы көлігі қамтамасыз етті. 

Спорттық іс-шараға қатысушылар дене шынықтырудың жоғары деңгейін, төзімділік пен рух күшін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жауынгерлік дайындықты нығайтуға, жеке құрамның физикалық төзімділігі мен ұйымшылдығын дамытуға бағытталған. 

Жарыс патриотизм мен бірлік атмосферасында өтті, бұл әскери қызметшілердің әскери борышқа және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің дәстүрлеріне адалдығының айқын дәлелі болды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив