Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Сенатта еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі парламенттік тыңдаудың ұсынымдарын іске асыру талқыланды

15-04-2026, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі «Еңбек адамы - ұлттық экономиканың өсуі мен ұлттың өркендеуінің негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда қабылданған ұсынымдарды іске асыру қорытындылары» тақырыбы бойынша кеңейтілген отырыс өткізді.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп бұрын сенаторлар қабылдаған ұсынымдар әлеуметтік-экономикалық тұрғыда елеулі әсері болғанын айта келіп, азаматтардың әл-ауқатының артуына тікелей ықпал етуі тиіс екендігіне назар аударды. Ол экономика мен қоғамда еңбек адамының рөлін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Жүзеге асып жатқан барлық реформалардың негізінде әрбір азаматқа түсінікті нақты нәтиже болуы тиіс. Ол жаңа жұмыс орындары, кірістің өсуі, сапалы білім және әлеуметтік қорғауға қол жетімділік болып отыр. Еңбек адамының мәртебесін тек осы тәсілмен ғана нығайтуға және адамға бағдарланған әділетті және тұрақты экономиканы қалыптастыру туралы айтуға болады», - деді Нұртөре Жүсіп.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілі министрліктің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және сұранысқа ие кадрларды даярлау жөніндегі жаңғырту жұмыстары туралы айтып берді. Осы жұмыс аясында 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы іске асырылуда, білім беру бағдарламалары жаңартылуда, дуалды оқыту және бизнеспен өзара іс-қимыл дамуда, жасанды интеллекпен қоса цифрлық шешімдер енгізілуде. Сондай-ақ түлектерді кәсіптік бағдарлау және жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар күшейе түсуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі өз кезегінде еңбек нарығын дамыту, жұмыспен қамтуды цифрландыру және еңбек жағдайының қауіпсіздігін арттыру жөніндегі кешенді жұмыс туралы хабарлады. Атап айтқанда, еңбек саласындағы негізгі тұжырымдамаларды кіріктіру қолға алынды, цифрлық құралдар енгізілуде, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды азайту және еңбек заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралар іске асуда. Ішкі еңбек ұтқырлығы, өңірлерге қоныс аударуды қолдау, жастарды жұмыспен қамту және сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив