Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Архаикасыз, инновациялық форматта – Аида Балаева Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту туралы

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты.

Вице-премьер сапар барысында Шымкент цитаделіне барып, музей экспозицияларын аралады және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ этноауылда болып, мұндай нысандарды архаикаға бой алдырмай, заманауи, креативті әрі инновациялық форматта дамыту қажеттігін айтты.

Қалалық мәдениет, гастрономия және креативті индустрия салаларындағы бірқатар жобалар таныстырылған Арбат жаяу жүргіншілер аллеясының әлеуетімен танысу барысында Аида Балаева осы аумақта бос жұмыс орындары жөніндегі өзекті ақпарат пен жастарға арналған маусымдық кәсіптік бағдар беру материалдары ұсынылатын жұмыспен қамту орталығын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар креативті ортаны дамытуға, жас таланттарды қолдауға және мәдени мұра мен инновациялық тәсілдер үндескен заманауи қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив