Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.49 552.59 6.24

AL-FARABI республикалық зияткерлік ойынына еліміздің түкпір-түкпірінен 500 команда қатысты

15-04-2026, 14:59 018.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және Түркістан облысының Жастар ресурстық орталығының бастамасымен AL-FARABI республикалық зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған додада еліміздің әр өңірінен жиналған 500 команда, яғни 2500-ге жуық қатысушы білім, логика және сыни ойлау бойынша өзара бақ сынады.

Ойынның іріктеу кезеңі Кентау қаласында өтсе, финалдық кезеңі Түркістанда ұйымдастырылды. Нәтижесінде бірінші және үшінші орындарды Түркістан облысының IQ Elite және Keles Oilap командалары иеленсе, екінші орын Алматы қаласының A team командасына бұйырды.

Жоба жастардың білімге құштарлығын арттырып, зияткерлік әлеуетін шыңдауға және дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.

Сонымен қатар ойын барысында белсенділігімен ерекшеленген командалар мен қатысушылар арнайы аталымдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив