Қор МӘМС жүйесінде аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады
«Сақтандырылған» мәртебесі тек соңғы 12 ай ішінде төлемдер үзбей жүргізілген жағдайда ғана беріледі. Ал үзіліс болған жағдайда мәртебе уақытша тоқтатылады.
Жарналар мен аударымдар ай сайын төленуі тиіс. Олардың толық әрі уақтылы төленуін мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Мерзімдер бұзылған жағдайда өсімпұл есептеледі, сондай-ақ салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті Қормен бірлесіп, аударымдар мен жарналарды төлеу бойынша міндеттемелердің орындалуын тұрақты түрде мониторингтен өткізеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатындар арасында жарналар мен аударымдарды уақтылы төлемеу жағдайлары жиі тіркелген.
Шектеулердің алдын алу және медициналық көмекке қолжетімділікті сақтау үшін төленбеген кезеңдердің бар-жоғын тексеріп, өткізіп алған айлар үшін төлем жасаған жөн.