Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Қазақстан делегациясы БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумына қатысты

16-04-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде Экономикалық және әлеуметтік кеңестің жастар форумы өтті.

Халықаралық деңгейдегі іс-шараға Қазақстан атынан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері мен республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Форум 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуге бағытталған маңызды халықаралық алаңдардың бірі саналады.

Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық пікір алмасулар мен өңірлік кездесулер өтіп, онда жастардың қоғам дамуына ықпалы, жаңа бастамаларды ілгерілету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.

Қазақстанның форумға қатысуы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға, халықаралық тәжірибе алмасуға және жастардың жаһандық бастамаларға белсенді араласуын арттыруға бағытталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив