Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ИКАО қызметкерлерді оқыту бойынша құжатқа қол қойды

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Марракеш қаласында (Марокко) өтіп жатқан ICAO Global Implementation Support Symposium 2026 аясында Қазақстанның авиация әкімшілігі (ҚАӘ) мен ИКАО Training Services Agreement келісімін ұзартуға қол қойды.

Бұл қадам ИКАО-мен қолданыстағы келісім аясында 2026 жылы ҚАӘ қызметкерлерін оқыту бағдарламасын іске асыруға бағытталған және авиация мамандарының біліктілігін арттыру мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған виртуалды және аудиториялық оқу курстарынан өтуді көздейді.

Осылайша, 2026 жылы келісімді іске асыру аясында оқыту негізгі бағыттар бойынша 23 курсты қамтиды, оның қорытындысы бойынша ИКАО халықаралық сертификаттары табысталады.

ҚАӘ атынан құжатқа Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы директор Аслан Сәтжанов қол қойды. Ол бұл оқиға адами капиталды дамытуға, халықаралық стандарттарға сәйкес авиация мамандарын даярлау жүйесін нығайтуға, ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, сондай-ақ саладағы оқытудың озық тәжірибелері мен орнықты тетіктерін енгізуге бағытталған ҚАӘ мен ИКАО арасындағы стратегиялық серіктестіктің кезекті кезеңі екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив