Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды.

Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және Орталық Қазақстанның дамуына қосымша серпін береді.

Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер соңғы сатысында тұр. Жолдың ұзындығы – 457 шақырым. Қарыз сомасы – 650 млрд теңге. Биыл автожолды жобалау жұмыстары және құрылысы бастау алады.

Жоба сонымен қатар логистиканы дамытуға, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыстар жақын уақытта басталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив