Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталықтың алғашқы күніне 20 мыңға жуық адам қатысты

16-04-2026, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған апталық аясында алғашқы күн «Артық білім кітапта» атауымен өтті.

Атаулы күнде республика бойынша кітап оқуды насихаттауға және қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, ҚР Ұлттық кітапханасында ашық есік күні өтіп, көпшілікке кітаптың көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы таныстырылды. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында сирек кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, жаңа басылымдардың таныстырылымы өтті. Түркістан облысының кітапханаларында апталықтың ашылу рәсімі өтіп, келушілер кітап көрмелері мен концерттік бағдарламаны тамашалады. Павлодар облысында әдеби кештер мен кітап алмасу акциялары ұйымдастырылды.

Жалпы ел бойынша 400-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив