Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

17-04-2026, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтады.

– Тума талантыңыздың, сарқылмас күш-қуатыңыз бен ерекше еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылығыңызға тәнті миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөлендіңіз. Сіздің өнеріңіз жылдар бойы бірнеше буын ұрпақ пен халықтарды баурады. Қазақстанда қайталанбас дауысыңызды және тұтас дәуірдің мәдени феноменіне айналған әйгілі «Ялла» ансамблінің орындауындағы танымал әндерді жақсы көреді, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет пен музыка өнерін дамытуға, сондай-ақ халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Фаррух Закировті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив