Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Азаматтарды қабылдау барысында жер қойнауын пайдалану және инвестициялар мәселелері қаралды

17-04-2026, 13:55 018.kz

Бүгін Астанада Азаматтарды қабылдау орталығында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан азаматтарды жеке қабылдады. Кездесуге отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы мәселелер бойынша жүгінген азаматтар қатысты.

Өтініштердің басым бөлігі геологиялық барлау жұмыстарына лицензия алу және олардың мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ бұрын кері қайтарылған өтінімдерді қайта қарау мәселелеріне қатысты болды. Кәсіпкерлер геологиялық барлау жұмыстарына арналған ең төменгі шығындар бойынша міндеттемелерді орындау, қолданыстағы лицензияларға өзгерістер енгізу мәселелерін де көтерді.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдалану жобаларындағы үлесті беру рәсімдері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары  талқыланды.

Кездесу барысында қосылған құны жоғары жобаларды іске асыру, геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту және цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу сияқты заманауи технологияларды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекеттік органдармен әріптестікті нығайтуға және салаға инвестиция тартуды арттыруға қызығушылық танытты.

Қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр тиісті құрылымдық бөлімшелерге көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтап, белгіленген тәртіпте шешімдер қабылдауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив