Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Қоғамдық кеңес қызметі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу жұмысы басталды

Бүгін, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық қоғамдық даму институтында еліміздегі қоғамдық кеңес қызметі туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында сарапшылар басқосуының алғашқы отырысы өтті.

Аталған құжат Мемлекет басшысына ұсынылып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға және осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге негіз болады.

Алғашқы отырыста әзірленіп жатқан баяндаманың құрылымы, негізгі мазмұндық бағыттары мен зерттеу тәсілдері талқыланды.

Жиынға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, талдау және зерттеу орталықтарының мамандары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Ұлттық баяндама қоғамдық кеңестер қызметіне жан-жақты баға беріп, жүйелі мәселелерді айқындауға және оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуді көздейді.

Биыл еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрылғанына – 10 жыл. Осыған орай әзірленіп жатқан бұл баяндама қоғамдық кеңестер институтының қызметіне жаңаша көзқарас қалыптастырып, мәні мен маңызын арттыра түседі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив