Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
476.75 541.59 6.06

Семейде энергетикалық жобалардың іске асырылу барысы қаралды

17-04-2026, 17:04 018.kz

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Абай облысының әкімі Берік Уәли және «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовпен бірлесіп, топтың энергетикалық компанияларының жұмысы мен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Кездесуде Шүлбі және Өскемен су электр станцияларының басшылары есеп берді.

Қатысушылар станциялардың су басу кезеңінен қалай өтіп жатқанын және тұрақты жұмысты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шараларды талқылады.

Ірі жобаларды жүзеге асыру барысы туралы «Самұрық-Энерго» компаниясының инвестициялар жөніндегі бас директоры Аңсар Айдаров баяндады.

Атап айтқанда, Семейдегі СЭС құрылысы мен Шүлбі станциясының екінші кезегін салу мәселелері талданды. Жиын қорытындысы бойынша Нұрлан Жақыпов пен Берік Уәли қордың портфельдік компаниялары мен Абай облысының әкімдігіне өзара іс-әрекетті күшейтіп, өңірдегі инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив