Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

ҚР АШМ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысты

Кеше, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Қырғыз Республикасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантиніне жауапты құрылымдары басшыларының үшінші кеңесіне қатысты.

Кеңесте Қазақстан тарапынан ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Иргибаев болды.

Жиналғандар ұйым аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын кеңейтудің негізгі факторларының бірі ретінде фитосанитарлық әріптестікті дамыту мәселесін талқылады.

Кездесу барысында ұжымдық фитосанитарлық қауіпсіздікті нығайту, талаптарды үйлестіру, елдер арасындағы ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасына жәрдемдесуге бағытталған келісілген тәсілдерді бекітетін бірлескен хаттамаға қол қойылды.

Іс шара аясында қазақстандық делегация ҚХР өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына экспортын кеңейту және жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын талқылады.

Сонымен қатар экспорттық рәсімдерді жүйелеу және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері қаралды. Бұл жеткізілімдердің болжамдылығын арттырып, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін тиімді іске асыруға мүмкіндік береді.

Комитет өкілдері өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендерін жеткізді.

Қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен Қытай арасындағы кедергілерді жоюға және ұзақ мерзімді аграрлық байланыстарды нығайтуға өзара мүдделілікті растайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив