Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.46 555.38 6.18

Аягөзде «Достық түбі – береке» фестивалі өтті

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында «Достық түбі – береке» атты ауқымды фестиваль ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту, ұлтаралық достықты дәріптеу және құқықтық мәдениетті арттыру.

Фестиваль барысында азаматтардың заңға құрметін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті дамыту, сондай-ақ қоғамдық тәртіп, толеранттылық пен өзара сыйластық қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, этномәдени көрмелер мен ұлттық дәстүрлер жәрмеңкесі өтті. Түрлі этнос өкілдері өз өнерлері мен мәдени ерекшеліктерін таныстырып, көпұлтты қоғамның бай рухани мұрасын паш етті.

Фестивальге оқушылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары белсенді қатысты.

Нәтижесінде, ұлтаралық келісімді нығайту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға бағынатын қоғам құндылықтарын насихаттау бағытындағы мақсаттар толық жүзеге асты.

Аталған фестиваль аудан тұрғындарын бірлік пен татулыққа үндейтін маңызды мәдени алаңға айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив