Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Семей әскери қызметшілері бірыңғай «Ашық есік» күнін өткізді

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

54835 әскери бөлімінің аумағында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге және Қарулы Күштерде қызмет етуге қызығушылықты арттыруға бағытталған «Ашық есік» күні өтті.

Іс-шараға 120-ға жуық №19, 27, 30, 40, 49, 51 мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, «Солнышко» және «Сарын» балалар орталықтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Қонақтар үшін қызықты бағдарлама ұйымдастырылды: оқушылар әскери қызмет өткеру шарттарымен, әскери қызметшілердің күнделікті өмірімен танысты, сондай-ақ авиациялық база объектілеріне барды. Қару-жарақ пен әскери техниканы көрсету қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Іс-шара аясында 44736 және 74884 әскери бөлімдерінің жеке құрамы мен қару-жарағы қосымша тартылды, бұл экспозицияны кеңейтуге және қазіргі заманғы армияның мүмкіндіктерін көрнекі көрсетуге мүмкіндік берді.

Ең ұмытылмас сәттердің бірі техникамен практикалық таныстыру болды. Балалар Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарына отыра алды, сондай-ақ «Арлан» жауынгерлік командалық машинасының ішінде болды, бұл олардың үлкен қызығушылығы мен жарқын эмоцияларын тудырды.

Әскери қызметшілер түсіндіру жұмыстарын жүргізді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді және әскери қызмет пен әскери оқу орындарына түсу перспективалары туралы айтты.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив