Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Абай облысында екі жаңа басқарма құрылды

20-04-2026, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қос басқарманың басшыларын активке таныстырды.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы бірнеше ауданды басқарған, Қаржы басқармасының басшысы болған, тәжірибелі мемлекеттік қызметкер Асхат Сайдахметұлы Смаилов Абай облысының Су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Ал бұған дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған Қуаныш Әділбайұлы Әбілдаев Абай облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив