Шәкәрім университеті жаңа буын топ-менеджерлерін даярлауда
Бүгінгі еңбек нарығы басқарушылық шешім қабылдай алатын, стратегиялық ойлайтын, команда жұмысын үйлестіріп, ұйымның дамуына бағыт-бағдар бере білетін білікті мамандарға сұранысты арттырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Шәкәрім университетінде жүзеге асырылатын 7М04120 «Іскерлік әкімшілендіру (Executive MBA)» білім беру бағдарламасының маңызы зор. Бағдарлама болашақта кәсіпорындар мен ұйымдардың басқару жүйесінде жауапты қызмет атқаратын, заманауи талаптарға сай топ-менеджерлерді даярлауға бағытталған.
Қазіргі таңда ұйымның табысты дамуы тек қаржылық ресурстарға немесе заманауи технологияларға ғана емес, ең алдымен, тиімді басқару жүйесіне байланысты. Нарықтағы өзгерістерге жедел бейімделу, қызметкерлердің әлеуетін тиімді пайдалану, стратегиялық мақсаттарды айқындау және бәсекеге қабілеттілікті сақтау – кәсіби менеджердің негізгі міндеттері. Сондықтан басқару саласында терең білімі мен тәжірибелік дағдылары қалыптасқан мамандарды даярлау жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі саналады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда Шәкәрім университетінің 7М04120 «Іскерлік әкімшілендіру (Executive MBA)» білім беру бағдарламасы ерекше орын алады. Бағдарламаның басты мақсаты – бизнес-процестерді басқарудың қыр-сырын меңгерген, көшбасшылық қабілеті жоғары, жауапты шешім қабылдай алатын және ұйымның ұзақ мерзімді дамуына үлес қосатын мамандар қалыптастыру.
Іскерлік әкімшілендіру – экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы, адам ресурстарын басқару және стратегиялық жоспарлау сияқты өзара байланысты бағыттарды қамтитын кешенді сала. Бұл бағытта білім алушылар ұйым қызметін тұтас жүйе ретінде қарастыруды, оның ішкі және сыртқы ортасын талдауды, ресурстарды тиімді бөлуді және басқарушылық шешімдердің нәтижесін бағалауды үйренеді.
Топ-менеджер болу үшін кәсіби біліммен қатар, адамдармен жұмыс істей білу, келіссөз жүргізу, жанжалды жағдайларды шешу, команда мүшелерінің ынтасын арттыру және өзгерістерді тиімді басқару қабілеттері де қажет. Осы дағдылар болашақ басшының кәсіби бейнесін қалыптастырып, оны еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде танытады.
Басқарушының міндеті – тапсырма беріп, жұмысты бақылаумен ғана шектелмейді. Ол ұйымның даму бағытын айқындап, ортақ мақсат төңірегінде ұжымды біріктіріп, әр қызметкердің әлеуетін ашуға жағдай жасауы тиіс. Демек, заманауи менеджер – ұйымдастырушы ғана емес, стратег, көшбасшы әрі жаңашыл тұлға. Бүгінгі білім беру жүйесінде маман даярлаудың сапасы теориялық білімнің тәжірибемен ұштасуына тікелей байланысты. Іскерлік әкімшілендіру саласында білім алатын студенттер үшін нақты басқарушылық жағдайларды талдау, бизнес-жобаларды әзірлеу, экономикалық көрсеткіштерді бағалау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту ерекше маңызды.
Сонымен қатар цифрландыру дәуірінде басқару саласындағы мамандардың ақпараттық сауаттылығы, деректерді талдау қабілеті және цифрлық құралдарды пайдалана білуі де маңызды. Қазіргі басшы шешім қабылдағанда нақты деректерге сүйеніп, нарықтағы өзгерістерді бағалап, ұйымның даму мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуі қажет.
Осы талаптарды ескере отырып, болашақ менеджерлерді даярлау барысында кәсіби құзыреттермен бірге аналитикалық ойлау, бастамашылдық, жауапкершілік және үздіксіз білім алуға дайындық қасиеттерін дамытуға басымдық берілуі тиіс. Бағдарламаның бір ерекшелігі – шетелдік тағылымдаманың болуы. Магистранттар Европаның көшбасшы университеттерінде тағылымдамадан өтті. (Англия, Суррей университеті, Германия Гумбольд университеті)
«Іскерлік әкімшілендіру» білім беру бағдарламасының түлектері өздерінің кәсіби қызығушылығы мен құзыреттеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың басқару бөлімдерінде, жобалық командаларда, адам ресурстарын басқару, бизнес-жоспарлау және ұйымдастырушылық даму бағыттарында қызмет ете алады. Тиісті тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін арттыру арқылы басқарушылық лауазымдарға өсуге де мүмкіндік бар.
Қазіргі экономикалық жағдайда өңірлік кәсіпорындардың дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және шағын әрі орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру кәсіби басқарушыларға деген қажеттілікті күшейтеді. Осы тұрғыдан алғанда, басқару саласындағы сапалы білім беру – өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтудың да маңызды тетігі.
Шәкәрім университетінің 7М04120 «Іскерлік әкімшілендіру (Executive MBA)» білім беру бағдарламасы аясында мамандар даярлау – заманауи басқару талаптарына жауап беретін кәсіби кадрлар қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарламаның құндылығы тек теориялық білім берумен шектелмей, студенттердің стратегиялық ойлауын, көшбасшылық қабілетін және практикалық мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағдарлануымен айқындалады.
Білікті топ-менеджерлер – кез келген ұйымның тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін негізгі күштердің бірі. Олар ұжымның әлеуетін ортақ мақсатқа жұмылдырып, өзгерістерге бейімделіп, жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана біледі.
Сондықтан Шәкәрім университетіндегі бұл білім беру бағытының маңызы зор. Себебі бүгінгі магистрант – ертеңгі ұйым басшысы, кәсіпкер немесе стратегиялық шешім қабылдайтын маман. Ал олардың кәсіби қалыптасуына жасалған инвестиция – болашақтағы табысты басқарудың, тұрақты дамудың және ел экономикасының өркендеуінің берік негізі.
Искакова М.С., PhD
«Экономика және қаржы»
кафедрасының аға оқытушысы,
Шәкәрім университеті

