Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Сенатта Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтеді

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 23 сәуірде болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

Палатаның іс-шаралар жоспарына сәйкес, 24 сәуір күні Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтеді.

Бюро отырысында Мәулен Әшімбаев транзиттік-логистикалық әлеуетті нығайту стратегиялық маңызға ие міндет екенін атап өтті. Ол бұл салаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөліп отырғанын айтты. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Қазақстанды жаһандық логистикалық хабқа айналдыру үшін үш негізгі фактор – ауқымды инвестиция, заманауи инфрақұрылым және тиімді мемлекеттік басқару қажет екенін тілге тиек етті. Осыған байланысты ол алдағы парламенттік тыңдауда аталған бағыт бойынша нақты ұсыныстар айтылатынына сенім білдірді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев транзиттік әлеуетті дамыту еліміз үшін аса маңызды міндет екенін үнемі айтып келеді. Бұл сала ұлттық экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналуы қажет. Сол арқылы Қазақстан жаһандық сауда-логистикалық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға тиіс. Ол үшін ірі инвестициялар, сапалы инфрақұрылым және тиімді мемлекеттік басқару қажет. Сондықтан парламенттік тыңдау барысында мазмұнды әрі нәтижелі талқылау ұйымдастырудың мәні зор», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар осы аптада салалық комитеттердің отырыстары және сенаторлардың мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен көшпелі кездесулері өтеді. Онда мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тапсырмалар тетігі, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша кассациялық соттардың қызметі және өзге де мәселелер қаралады.

Іс-шарада Бюро мүшелері 23 сәуірде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәйкес алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия үшін өңірлік әлеуетті дамыту орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заңды қарайды. Құжаттың мақсаты – экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару саласындағы ұлттық институционалдық әлеуетті нығайту.

Бұдан басқа, Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралады.

Сондай-ақ Бюро отырысында депутаттар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөліп берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив