Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
469.52 553.75 6.15

Qamqor порталында әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі тұлғалар туралы анықтама алу жеңілдеді

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті qamqor.gov.kz ақпараттық порталында сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға қатысты мәліметтерді тексеруге арналған жаңа функционалды іске қосты.

Жаңа сервис азаматтардың уақытын үнемдеуге және мемлекеттік қызметтерді қолжетімді етуге бағытталған. Енді қажетті ақпаратты алу үшін уәкілетті органға өтініш жолдап, 15–20 күн жауап күтудің қажеті жоқ. Портал арқылы бұл мәліметті бірнеше минут ішінде онлайн түрде алуға болады.

Аталған мүмкіндік интернет қолданушыларына үйден шықпай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған тұлғалар жөніндегі арнайы есепте мәліметтің бар-жоғын жедел анықтауға жағдай жасайды.

Қызметті пайдалану үшін qamqor.gov.kz порталына кіріп, «Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі» бөліміне өту қажет. Одан кейін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін енгізу жеткілікті.

Жүйе автоматты түрде анықтама қалыптастырады. Оны 3 минут ішінде басып шығарып, талап етілетін орынға қағаз нұсқада ұсынуға болады. Бұл ретте ақпаратты тәулігіне бір рет қана алуға мүмкіндік берілген.

Порталда қалыптастырылатын анықтама электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және ресми құжат болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив